«Т.Тоқтаров атындағы негізгі орта мектебі» КММ
Дүниежүзілік балалар күні
Бүгін мектебімізде Дүниежүзілік балалар күніне орай бекітілген жұмыс жоспары бойынша 5–9 сынып оқушылары арасында «Армандай біл, балақай!» тақырыбында эссе жазу жұмысы ұйымдастырылды.
Аталған шараның мақсаты – оқушыларды армандауға, өз болашағына сеніммен қарауға, шығармашылық ойлауға және ойын еркін жеткізуге баулу. Оқушылар өз қиялдары мен өмірлік мақсаттарын қағаз бетіне түсіріп, әсерлі әрі мазмұнды шығармалар жазды.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, балалардың белсенділігі мен қызығушылығы қуантты.
Жауапты: Мухатова Г.А

No responses yet