«Балдырған» шағын орталығында «Қарттарым – асыл қазынам» атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: балаларға 1-қазан қарттар күні туралы түсінік бере отырып, қарттарға құрметпен қарауға, сыйлауға үйрету, ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру. Үлкенді сыйлай білуге, халқымыздың ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрпымыздан нәр алуға, сақтай білуге тәрбиелеу. Балаларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру.

No responses yet