Мектебімізде кәсіптік бағдар беру апталығы басталды!
Тақырыбы: «Келешек кілті – кәсіптік бағдарда»
Бүгін мектебімізде оқушыларды болашақ мамандыққа бағыттау мақсатында кәсіптік бағдар беру апталығы салтанатты түрде ашылды.
Апталық барысында түрлі іс-шаралар: кәсіп иелерімен кездесулер, мамандықтар жәрмеңкесі, ашық сабақтар, пікірталастар, тренингтер мен шығармашылық байқаулар ұйымдастырылады.
Мақсатымыз – оқушылардың кәсіби бағыт-бағдарын айқындап, өз қабілетіне сай мамандықты дұрыс таңдауына мүмкіндік жасау.
Себебі келешек кілті – саналы таңдалған мамандықта!
Апталық барысындағы қызықты сәттермен бөлісіп отырамыз. Бізбен бірге болыңыздар!
No responses yet