«Отбасы – бақыт мекені» атты іс-шара
Мектеп психологі
Отбасы күніне орай мектебімізде 5-9 сынып оқушылары арасында «Отбасы – бақыт мекені» атты танымдық-психологиялық іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ата-анаға деген құрмет сезімдерін арттыру және оқушылар арасында жағымды эмоционалды ахуал қалыптастыру.
• «Менің отбасым» атты шығармашылық тапсырмасы
• «Отбасылық құндылықтар» атты топтық талқылау – әр оқушы өз отбасындағы дәстүрлер мен маңызды сәттер туралы бөлісті
• «Жылы орындық» жаттығуы – оқушылар өз достарына және отбасы мүшелеріне жақсы тілектер айтып, бір-бірін қолдауға үйренді
• Оқушылардың бір-біріне деген қарым-қатынасы жақсарды
• Отбасылық құндылықтар туралы ойлары тереңдей түсті
• Эмоционалдық қолдау және ішкі сенімділік арта түсті
• Психологиялық жағымды орта қалыптасты

No responses yet